Ақтоғай аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Қ.Нұржанов атындағы тірек мектебі жанындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Денсаулығың әл-күйің – қуанышы әр үйдің” атты эстафеталық жарыс өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған спорттық ойындардың нәтижесінде жеңімпаз атанған кәсіподақ мүщелері Алғыс хат және ақшалай ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Марапаттау салтанатының қорытынды сәтінде саналы ғұмырын білім саласына арнаған Марат Шарипов пен мерейлі жас иегері Секен Бажаевқа құрмет көрсетілді.