Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы ауылшаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Жетісай аудандық филиалында ауылшаруашылығы саласының кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік жылында салалық кәсіподақтың қызметі және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстары, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.
Айта кетерлігі, Жетісай аудандық филиалында бүгінде 73 еңбеккер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Темірбек Қозыбағаров.