Білім және ғылым саласының кәсіподағы замана көшіне ілесу үшін цифрландыру үдерісіне көшуді бастап кетті.
Астанадан арнайы жеткен Нұрсейіт Тынбаев пен Алма Серікбаева облыстық кәсіподақтың аппараты мен Жезқазған, Сәтбаев қалалық филиалдары төрағаларына, бухгалтерлеріне ақпараттық жүйені таныстырды.
Кіріс-шығыс құжаттарын электронды форматта жүргізу, қабылдау мен адресатқа жіберуді үйренген кәсіподақ көшбасшылары мүшелік базаны жасақтаудың қыр-сырын да меңгерді.
“Шешінген судан тайынбас” демекші алғашқыда жаңалықты жатсынып, ақпараттық жүйеге үрки қараған кездесудің қатысушылары сандық технологияның ыңғайлы да оңай екенін түсініп қана қоймай, алтыннан да қымбат уақыттарын үнемдейтініне көздері жетті.Қай жерде болмасын өз жұмысын оның ішінде құжатайналымын ұялы телефонынан басқаруға мүмкіндік алатынын естігенде тіпті қуанды.
Алысты жақын еткен цифрлық технологияларды пайдалану – кәсіподақ жұмысын жаңа жолға қойып, биік белеске бастары анық.