Кәсіподақ өкілі ұжымдық шарттың маңыздылығын түсіндірді

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметов Мақтаарал ауданының «Иіржар ауыл әкімі аппараты» ММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Кездесуде еліміздің қоғамдық-саяси дамуының қәзіргі жағдайында Қазақстандағы кәсіподақтардың қызметі жайлы, 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстары жайында баяндады. Сондай-ақ, ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бақылауды жүзеге асыру түсіндірілді.

Жиын соңы әдеттегідей қатысушылардың сұрақ-жауаптарына ұласты.