«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында және Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев кезекті кездесуін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясында өткізді.
Кездесу барысында Сапарғали Шолданбаев еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбек қатынастарын реттеу және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктеріне тоқталып, осы ретте күнделікті жұмысын ұйымдастыруына көмектесетін нақты ақпараттармен бөлісті.
Жиын соңы марапаттау рәсімімен жалғасып, Ауыл шаруашылығы саласында өзінің біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылып жүрген бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне медалдар мен құрмет грамоталарын табыстады.