Атырау облысы кәсіподақтары үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды.

Бірлестік төрағасы Әлібек Семғалиевтің басшылығымен өткен үйлестіру кеңесінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен жариялаған биылғы әлеуметтік әріптестік жылының қорытындылау мен алдағы жылдың міндеттері талқыланды. Басқосуда сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен компанияларда, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында болып, кәсіподақ мүшелерімен, сала белсенділерімен пікірлесіп, еңбек дауларының алдын алу, көпшілікті толғандыратын әлеуметтік мәселелерге қатысты туындаған сауалдарға байланысты түсініктер беру, дау-дамайлардың туындау себептеріне талдау, зерделеу жүргізу жайы да талқылау тақырыбына айналды.

Сонымен қатар, кеңес отырысында салалық кәсіптік одақ филиалдарының өкілдері жаңа Өңірлік келісімнің жобасын талқылау, кәсіподақтар жүйесінде ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылды жетілдіру және жұмыстағы жариялылықтың маңыздылығы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.