«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың, «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шағдат Әсеттің, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жулдызхан Балтабаеваның қатысуымен, кестеге сәйкес 2022 жылғы 8 желтоқсан күні «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де кездесу өтті.
Кездесуге мекеме қызметкерлерінен тұратын кәсіподақ мүшелері қатысты.
Мекемеде жұмыс жасайтын 190 адам 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кірген.
Мекеменің жұмыс берушісімен, яғни директордың және жұмыскерлер атынан кәсіподақ ұйымы төрағасының арасында 2022-2025 жылдарға арналған ұжымдық шарты жасалып, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында тіркеліп, әлеуметтік әріптестер арасындағы міндеттемелер толығымен орындалып, жүзеге асырылуда.
Кездесу жиынында еңбек қатынастарына байланысты мәселелер қаралып, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауына орай, Филиал төрағасы әлеуметтік әріптестер мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне наградалар табысталды.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Әсет Шағдат Әсетұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Арқабаев Бағдат Мақсұтұлы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кәсіптік оқыту бөлімінің бөлімше тобының басшысы Наурызбаев Асылбек Алдабергенұлы марапатталды.