Маңғыстауда медицина саласының қызметкерлері арасында шағын футбол мен волейболдан турнир өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облысының медициналық ұйымдары арасында шағын футбол мен волейболдан турнир ұйымдастырды.

Турнирдің ашылуына «Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ -нің төрағасы Сәдуақас Бекғалиев, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасының м.а. Қайрат Бейсенов және «Облыстық стоматологиялық орталық» ШЖҚ МКК басшысы Қуат Машырықов қатысты.

Турнирге облыстың денсаулық сақтау жүйесінің 17 ұйымының атынан жүзден астам медицина қызметкері қатысқан болатын. 14 футбол командасы және 16 волейбол командасы тіркелді. Шағын футбол бойынша 1 орынға – «Жаңаөзен» командасы, 2 орынға – «Мұнайлы аудандық ауруханасы», 3 орынға – «Облыстық онкологиялық диспансер» орнықты. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша облыстық онкологиялық диспансердің қызметкері Н.Жолдасов ие болды.

Әйелдер арасындағы волейбол турнирінің нәтижелері бойынша 1 орынды – «Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы», 2 орынды – «№ 1 Ақтау қалалық емханасы», 3 орынды – «№ 3 Жаңаөзен қалалық емханасы» иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Бейнеу аудандық орталық ауруханасының қызметкері М.Киянова ие болды.

Турнирге қатысушылар жақсы нәтижелер көрсетті және өздерінің кәсіби міндеттерін орындауда ғана емес, сонымен қатар спорт саласында да жетістікке жеткендерін дәлелдеді. Турнир жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, сондай-ақ ақшалай сертификаттар табыс етілді.