«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Әлеуметтік әріптестік жылына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы 2022 жылғы 3 желтоқсан мен 10 желтоқсан аралығында Павлодар медициналық жоғары колледжінің базасында Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасында волейболдан облыстық біріншілік турнирін өткізді.
Спорттық іс-шаралар, ең алдымен, достық қарым-қатынас атмосферасын құру, салауатты өмір салтын насихаттау және медициналық жұртшылықты құрметтеу, сондай-ақ «SENIM» Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағын танымал ету үшін өткізіледі.
Жеңіс үшін күрес 19 команда (11 ерлер мен 8 әйелдер) арасында өрбіді. Командалар облыстың медициналық ұйымдарының қызметкерлері қатарынан құрылды. Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, медициналық ұйымдардың қызметкерлері денсаулыққа пайдалы демалуға уақыт табады, олар әрдайым спорттық іс-шараларға да, мәдени шараларға да белсенді қатысады.
Жарыс соңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы Жастар кеңесінің төрағасы С.Исина барлық қатысушыларға командаларға дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табыстаумен қызықты ойын көрсеткені үшін алғысын білдірді.