Кәсіподақ мүшелерінің отбасылық кездесуі ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Балалар жылы аясында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесімен және “Ken’jol” Қоғамның инновациялық даму альянсымен бірлесіп Қарағанды қаласының шығармашылық адамы Дмитрий Морозовпен кәсіподақтардың отбасылық кездесуін ұйымдастырды.


Кездесуді аша отырып, «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалы төрайымының м.а. Татьяна Шатохина мен «Ken’jol» Қоғамның инновациялық даму альянсының балалар мен жастар мәселелері жөніндегі уәкілі Дия Ержанова мұндай кездесулер отбасылық құндылықтарды нығайтатынын, өзара түсіністік пен шығармашылық әлеуетті ашуға көмектесетінін және де қуанышты көңіл-күй сыйлайтынын атап өтті.

Дмитрий Морозов бояулармен сурет салу және өз қолдарымен сәндік сыйлықтар дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шараға деген шығармашылық көзқарас арқасында мейірімді, позитивті әрі достық атмосфера қалыптасты және де әрбір қатысушы өзінің ең жақсы жеке қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Кездесудің түсі – қызғылт сары түс болды, бұл кездесуге қатысушылардың әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдарды қолдауын білдірді.

Отбасылық кездесу соңында кәсіподақ мүшелері ұйымдастырушыларға шынайы қөңілдері үшін, бірлескен шығармашылық демалыс, жарқын әсерлер мен тәтті дәмдер үшін алғыстарын білдірді.