Білім қызметкерлері арасында қызу пікірталас өтті

Жетісу облыстық білім басқармасы, «Облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, «Жастар Рухы» ЖҚ Жетісу облыстық филиалы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» тақырыбында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.


Турнирдің мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, жастар арасында креативтілік, коммуникативтілік, командада жұмыс істей білу, сыни ойлау, ораторлық қасиеттерін дамытумен қатар, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында саяси-құқықтық, экономикалық мәдениетті арттыру және шешендік өнерді дамыту және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өз ойын жетік және дәлелдей білетін талантты жастарды анықтау болып табылады.

Турнирді Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры А.Джумадилов ашып, Оқу-ағарту министрлігінің «Дебат» бағдарламасының халықаралық тренері Г.Ахметова, «Жетісу облысының білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері М.Кулшанова Жетісу өңірінен келген қатысушыларға сәттілік тіледі. Пікірсайысқа 17 оқу орнынан студенттер додаға түсті. Сонымен қатар, студенттер “Үздік спикер”, “Үздік төреші” номинацияларымен марапатталды.