Кәсіподақ мүшелерінің демалысы ұйымдастырылды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы кәсіподақ серіктесі «Сосновый бор» шипажайымен бірлесіп көптеген жылдар бойы тығыз жұмыс істеп, кәсіподақ мүшелерінің, олардың отбасы мүшелерінің, ел өңірлеріндегі басқа да кәсіптік ұйымдардың өкілдерінің Қостанай облысының інжу-маржаны – республикалық шипажайда сауықтыру демалысымен қамтамасыз етіп келеді.


Санаторий кешені асқазан-ішек жолдарының, бауырдың, өт жолдарының ауруларын емдеуде және метаболизмді қалпына келтіруге қолданылатын минералды суы бар көл жағасындағы қарағайлы орманда орналасқан.

Қазіргі уақытта шипажай барлық халыққа сауықтыру қызметтерін көрсетеді. Емдеу үшін ғана емес, сауықтыру үшін де, белсенді демалу үшін де жағдайлар жасалған. Демалушылардың тұруына “Сосновый бор” шипажайында 5 ғимарат және коттедж қалашығы бар.

Демалыс аймағына келген сәттен бастап кәсіподақ мүшелеріне жайлы жағдайлар жасалады. Медициналық және техникалық персонал демалысты ыңғайлы және жағымды етуге тырысады.

Күн сәулесінің шуағы, таза емдік ауа заманауи емдік-диагностикалық базамен, емдік минералды сулармен, керемет тамақтанумен бірге тиімді емдеу курсынан өтіп қана қоймай, керемет демалуға көмектеседі.