Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды әлеуметтік әріптестік жылы деп жарияланды. Осы орайда Қостанай облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалы кеңесінің отырысы өтті, онда «Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік әріптестіктің жай-күйі мен даму перспективалары туралы» мәселе қаралды.
Отырыс жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы, Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Департаменті, «Қостанай-Агро» газетінің бас редакторы қатысты және сөз сөйледі.
З.Жұмабекованың айтуынша, кәсіподақтар жұмысының тиімділігінің басты көрсеткіші – Ұжымдық шарт жасасу технологиялары және алған білімдерін практикада қолдана білу. Филиалдың әлеуметтік диалогтың белгілі бір тәжірибесі бар, ұжымдық шарттар жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Мәселен, кәсіподақтар жұмыс істейтін өңірдің ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасалды. Барлық жасалған ұжымдық шарттар филиалда міндетті құқықтық тексеруден өтеді, содан кейін мониторинг үшін еңбек инспекциясына беріледі.
Ветеринариялық станциялардың ұжымдық шарттарында кәсіподақтағы барлық штаттық қызметкерлерге жылына бір рет бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу белгіленген. Сондай-ақ, зиянды, қауіпті және ауыр еңбек жағдайларына байланысты қызметкерлер үшін 12 күнтізбелік күн көлемінде қосымша демалыс беру көзделген.
“Қайрат” ПКФ ЖШС ұжымдық шартында жұмыс беруші ұрпақтар сабақтастығы үшін қосымша ақы төлейді. Кәсіпорында жастар қозғалысын одан әрі дамыту мақсатында жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жас қызметкерлер мен орта мектеп түлектерін кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, жоғары оқу орындарына жібереді.
«Заречное «СХОС» ЖШС-де кәсіподақтар мүшелеріне күнтізбелік 28 күн еңбек демалысы беріледі.
2022 жылы жарияланған әлеуметтік әріптестік жылы аясында «2022 жылдың Үздік ұжымдық шарты» атағы үшін республикалық байқау (салалар бойынша) жарияланды, бұл байқауда 3 орын алған Қостанай ауданының “Заречное” СХОС” ЖШС-не жалауша мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
Кеңес отырысы аяқталғаннан кейін әлеуметтік серіктестер, бірқатар кәсіподақ белсенділері салалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төсбелгілерімен, кәсіподақ филиалының Алғыс хатымен, Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.