«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің салауатты өмір салтын, оң өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мемлекеттік мерекесі қарсаңында “SENIM” кәсіподақ мүшелері арасында шағын футболдан жыл сайынғы турнир өткізді.
Турнир ««NOMAD ARENA» жаңа және заманауи футбол кешенінде өтті. Ойындарды Игорь Кемаловичтің төрағалығымен төрешілер басқарды. Барлық қатысушыларға «SENIM» кәсіподақ мүшелері арасында жыл сайынғы шағын футбол турниріне қатысқаны үшін грамоталар табысталды.