Қызылордада Ынтымақ кәсіподағының кәсіподақ мүшелері санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыстық салалық кәсіподақ ұйымы төрағасы Марат Бәйімбетов «Гежуба Шиелі Цемент» компаниясының жұмыскерлерімен кездесті.
Компанияда ағымдағы жылы кәсіподақ ұйымы құрылған болатын, қазірде ұжымда кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру үшін жұмыскерлерге кәсіподақ қатарында болудың тиімділігі түсіндірілуде.
Кездесуге кәсіпорынның бас басқарушысы орынбасары Бақытжан Абиласанов қатысып, жұмыс берушілердің кәсіподақ ұйымымен ынтымақтасып, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек мүдделерін жақсартуда бірлесе әрекет етуге ниетті екендіктерін жеткізді.
Кәсіподақ ұйымы жұмыстарының негізгі қағидаттары мен еңбек заңнамасы ережелері, Ұжымдық шарт жасасу тәртіптері туралы облыстық кәсіподақтар бірлестігі бас маманы Майра Боранбаева түсіндірме жасады.
Кездесу барысында «»Гежуба Шиелі Цемент» компаниясы жұмыскерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының «Yntymaq» салалық кәсіподақ бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы құрамында мүшелік ұйым болуы туралы ынтымақтастық Келісіміне қол қойылды.
Тараптар атынан филиал төрағасы Марат Бәйімбетов пен бастауыш ұйым төрағасы Қуаныш Әбдиев ынтымақтастық шеңберінде алда атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы да пікір алмасты.