«Senim» салалық кәсіподағы үздік еңбеккерлерді марапаттады

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы жыл соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерін марапаттады.


Ақтөбе облыстық филиалына 61 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді, кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 24 мыңнан асады.

Өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, қоғамдық жұмыстарда да үлкен белсенділік танытқан үздік еңбеккерлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ-нің төсбелгілері, Құрмет грамоталары, алғыс хаттары табысталды.