Кәсіподақ ұйымы дәстүр бойынша кәсіподақ мүшелерінің балаларын қолдау мақсатында түрлі акциялар өткізеді. Жаңа жыл қарсаңында ШҚО жергілікті білім кәсіподағының төрағасы Нәзгүл Қасенова әлеуметтік әріптесіміз «TYRAN–АЛАКӨЛ» демалыс базасының директоры Ержан Тургановқа кәсіподақ мүшелерінің балаларын жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында 2022 жылы «TYRAN–АЛАКӨЛ» демалыс базасында тегін жолдама бойынша 100-ден астам бала аналарымен бірге демалуға мүмкіндік алды.