Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелері Қарағанды облысының «Ассамблея жастары» РҚБ, Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы және Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен өткен «JASTAR BIRGE» Еріктілер форумына қатысты.
Кездесу барысында Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Аймира Баграмова еңбек жастарының еріктілік бағыттағы жұмыстары туралы презентация өткізіп, кәсіподақ жастары өңірдің Салалық және Жергілікті кәсіподақтарының облыстық филиалдарымен бірлесіп әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасыларға, ерекше балалары бар отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсететінін атап өтті. Сондай – ақ, 2022 жылы «Кәсіподақ көмектеседі», «Мектепке жол», «Игі істер марафоны» акциялары аясында облыс кәсіподақтары 3000-нан астам отбасына қолдау көрсетті. Сонымен қатар, кәсіподақ жастары өңірдің қоғамдық және қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысады.
Жыл қорытындысын шығара отырып, форумды ұйымдастырушылар Қарағанды қаласының әкімінің міндетін атқарушы Мейрам Кожухов пен Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Якуб Джамаловтың Алғыс хаттарымен волонтерлік қызметі үшін үздік деп танылған жас көшбасшыларды марапаттады.
Кәсіподақ жастарының еріктілерінен: Аймира Баграмова, Дарина Айтуова, Зарина Коваленко, Алина Лось марапатталды.