Жылдағы игі дәстүр бойынша үлкенге де, кішіге де Жаңа жылдық сыйлық тарту ету және қайырымдылық ретінде қала тұрғындарын құттықтап құрмет көрсету «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіподақ ұйымының назарынан тыс қалған емес. Жаңа жыл қарсаңында кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров ауған соғысының ардагері әрі мүмкіндігі шектеулі азамат Бекболат Ереновты қабылдап, ақшалай сыйақы мен немерелеріне тәтілерге толы қалталар сыйға тарту етті.
“Жаңа жыл жақсылықтың жаршысы іспеттес әр бір адамның өткен жылға есеп беріп, келер жылдан жақсылық күтетіні сөзсіз. Зауыт балаларына қуаныш сыйлау, қарапайым еңбек адамдарының көңілі бәрінен де қымбат. Сондықтан оларға сыйлық жасап, қуанту, көтереңкі көңіл сыйлау біздің басты міндеттеріміз деп есептеймін.Әрдайым қолдан келген көмекті зауыттықтар мен қала тұрғындары деп бөле жармай көмектесіп отырамыз”, – дейді «Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров.