Павлодар облысы кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында қабылдау жалғасты

Павлодар қаласындағы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында қабылдау жалғасты.


Құқықтық кеңес алуға өтініш білдірген ірі құрылыс ЖШС бірінің екі қызметкері еңбек қатынастарын жазбаша ресімдемей сауда объектісін жөндеу бойынша өз жұмыстары туралы айтып берді. Бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін жұмысшылар жалақыны толық ала алмады.

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова өтініш берушілерге түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 27 бабына сәйкес еңбек шартының өзге шарттардан айрықша белгілері онда мынадай талаптардың біреуінің болуы болып табылады:
1) қызметкердің белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын) орындауы;
2) еңбек тәртібіне бағынумен міндеттемелерді жеке өзі орындау;
3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы.

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес қызметкерге жалақы айына кемінде бір рет келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 113-бабы 1-тармағының Ережесін бұзды: жалақыны уақтылы толық төлемеген, қызметкерлерге жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшері мен негіздері, міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы, төлеуге жататын жалпы ақша сомасы туралы жазбаша немесе электрондық түрде хабарламаған.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 3-тармағына сәйкес жалақы төлеудің кешігуіне байланысты жұмыс беруші жалақы бойынша берешекті ғана емес, сондай-ақ әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1, 25 еселенген базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, төлемнің кешігу кезеңі үшін өсімпұлды да төлеуге тиіс.

Қабылдау шеңберінде бұзылған еңбек құқықтарын қорғаудың одан әрі алгоритмі айқындалды, татуласу келіссөздерді жалғастыру, еңбек қатынастарына қатысушыларға берешекті салыстыруды ресімдеу, жұмыс берушінің келісімімен Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында жұмыс беруші өкілінің, қызметкерлердің және кәсіби медиатордың қатысуымен медиация рәсімінен өту ұсынылды.