Кәсіподақ мүшелеріне арналған семинар ұйымдастырылды

Жаңа құқықтық актілерді, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделеуді кәсіподақ бірлестіктері тұрақты негізде жүзеге асырады. Салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының 100 өкілі 5 қаңтарда онлайн режимде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер бойынша оқыту семинарына қатысты.


Спикерлер Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы А.Капенова болды.

Қатысушылар заңнаманың нормаларымен танысты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту көзделген. 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдер үшін 61 жас деңгейінде жоспарланған зейнеткерлік жасты арттыруды тоқтата тұру, базалық зейнетақы мөлшерін ұлғайту, ынтымақты зейнетақы мөлшерін 46-дан 55 АЕК-ке дейін есептеу кезінде табыстың барынша шектелуін арттыру, жастардың жасын 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту, сақтандырылған тұлғалар үшін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін арттыру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау, «жастарды дамыту индексі», «әлеуметтік қызметтері», «уақытша орналастырылмаған жастар», «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «жастар еңбек жасақтары», – деп атап өтті М.Иванова.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің 2 түрінің параметрлері өзгертілді: жұмысынан айырылғаны үшін төленетін төлем орташа есеппен 13%-ға, табысты ауыстыру коэффициенті 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайтылды. Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала 1,5 жасқа толғанға дейін тағайындалады. Павлодар облысында 7599 алушы төлем мерзімін 1,5 жылға дейін ұзартты. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері – мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылды. Төлемдерді қайта есептеу, көбейту және ұзарту автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады», – деп атап өтті А.Капенова.