Жұмыскерлер өз мәселелерімен кәсіподақ төрағасына жүгінді

Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиевтың қабылдауына «СНПС-АТК» ЖШС-нің 5-ші колонна жүргізушілері жалақыға тиесілі қосымша ақы төлеу мәселесін шешуге қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінді.


Өтініштер бақылауға алынды. Бір мезгілде өтініш берушілер кәсіпорында тексеру жүргізу үшін еңбек инспекциясына жүгінді.

Еңбек дауын шешу үшін тараптарға Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында дереу татуласу келіссөздерін жүргізу ұсынылды.

Өтініш берушілердің, «СНПС-АТК» ЖШС жұмыс беруші өкілдерінің, Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев, «СНПС-АТК» ЖШС жұмысшыларының кәсіподақ төрағасы Д.Мурзалин, кәсіподақ заңгері І.Кенжебайдың қатысуымен тараптардың ұстанымдарын айқындау, татуласу және өзара қолайлы шешім табу үшін кездесу өтті.

Жұмысшылар ұжымдық шарт талаптарына сәйкес жалақыға тиесілі қосымшаны көп жылдар бойы ала алмай келген. Олар тек соңғы 3 жылдың төлемақысын талап етіп отыр. Алайда, жұмыс беруші тарап бұған әзір келісім бермей отыр. Олар тек 2023 жылдың қаңтар айынан ғана бастап қосымшаны төлеуге ниетті. Ал, жұмысшылар басқа колоннадағы жұмысшылармен бірдей үстемақы алғылары келеді. Әзірге келіссөздер жалғасуда.