Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде жаңа заңнаманы зерделеу жалғастырылды

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова «2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі өзекті өзгерістер» тақырыбы бойынша «Параграф» ақпараттық жүйесі ұйымдастырған вебинарға қатысты.


Вебинардың спикері заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессоры, ҚР ІІМ Академиясының ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Айжан Амангелді болды.

Қатысушылар заңнаманың нормаларымен танысты. Мысалы, тыңдаушыларға азаматтың жеке өмірінің құпиясын, оның ішінде медициналық қызметкердің құпиясын қорғауға құқығы бар екендігі түсіндірілді. Заңгерлер өкіл ретінде тапсырма бойынша мемлекеттік органдардан анықтамалар мен өзге де құжаттарды сұратуға құқылы.