Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелері салалық кәсіптік одақтардың Қарағанды облыстық филиалдарының өкілдерімен, атап айтқанда, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерімен, сонымен қатар Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының және Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің еріктілерімен бірлесіп жыл сайынғы «Игі істер марафоны» акциясы аясында еңбек ардагерлерінің, зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтардың үйлерінің айналасын қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.
Қалың қардың түсуіне байланысты қоғамдық ұйымдар еріктілер тобын ұйымдастырып, Қарағанды қаласының тұрғындарының сұраныстарына жедел әрекет етті.