«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ облыстық филиалына қарасты емдеу-сауықтыру мекемелерінде жұмыс жасайтын орта және кіші буын медицина қызметкерлерінің балалары Жаңа жылға орай облыстық салалық филиал атынан сыйлықтар алып, қуанып қалды.
«Біз денсаулық сақтау саласында тынымсыз еңбек етіп, адам жаны үшін арашаға түсіп жүрген көпбалалы, толық емес және ерекше балалары бар кәсіполақ мүшелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын ескеріп, өз қалаулары бойынша Жаңа жылдық сыйлық алуына мүмкіндік жасадық. Сондықтан біз осы санатқа жататын 102 балаға кәсіподақ есебінен әрқайсысына 10 000 (он мың) теңге көлемінде, барлығы 1 млн. 20 мың теңге қаражат бөлуді ұйғардық», – дейді бұл туралы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Майра Кашкенова.
Облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінде жұмыс жасайтын әріптестер жаңа жыл қарсаңында балалаларына базалық әзірлеген кәсіподақ ұйымына ризашылықтарын білдірді.