Түркістан облысы кәсіподақтары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен үйлестіру кеңесінің жиыны өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақтар мен жергілікті кәсіподақтардың төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Кеңесте Бердіғали Өмірәлі жылдың қорытындысын шығарып, қатысушыларды 2022 жылы «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіндегі атқарылған жұмыстары туралы таныстырып өтті.

Сондай-ақ, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы жиында кеңес мүшелеріне Үкімет деңгейінде қаралатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасында қарауға еңбеккерлердің өзекті проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстар дайындауға тапсырма берді.

Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.