Қызылордада шығармашыл ұстаздардың тәжірибе алаңына 20 жыл толды

Қызылордада шығармашыл ұстаздардың Тәжірибе алаңына 20 жыл толды. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға арналған озық әдістемелік жұмыстарды қолдау алаңы республикада бірегей жоба болып табылады. Алаң жылдар бойында өрісін кеңейтіп, мыңдаған мұғалімнің шығармашылықтарын шыңдады. Бұл шараның қорытындысында білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің озық әдістемесін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа әдістер жинақтамасы жыл сайын толығып келеді.


Ұстаздардың дәстүрлі кездесуіне айналған Тәжірибе алаңының 20 жылдық мерейлі санына облыстың аудан, елді мекендерінен мұғалімдер қатысты. Алаң Қызылорда облыстық білім және ғылым саласы кәсіподағы мен «Өрлеу» орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастыруымен өткізіледі. Дәстүрлі тәжірибе алаңының ашылу салтанатына білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымы төрағасы Гүлнар Есқалиева қатысып, алаң қатысушыларына сәттілік тіледі.