Кәсіподақ мүшелері салауатты өмір салтын қолдайды

Бурабай курортында өткен Республикалық қысқы спартакиадада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» Теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының командасы жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды. Жарыс барысында шаңғы жарысы бойынша НЖС-4 жетекші инженері Алдияр Қуанышбеков үздік нәтижелерді көрсетті. Спорт нұсқаушысы Мадет Әбікеннің спартакиаданы өткізудегі ұйымдастырушылық дайындығы да қосымша атап өтілді.


Жақсы дәстүр бойынша болат магистраль спортшылары жергілікті, облыстық және республикалық деңгейдегі турнирлерде осы жылы да көптеген жеңістерге жетті.

2022 жыл табыстар мен жетістіктер тұрғысынан бай және жемісті жыл болды. Қысқы спорт түрлері бойынша жалпы командалық есепте қарағандылық теміржолшылар үздік атанғанымен қатар, жазғы спартакиадада да оларды жеңіс күтіп тұрды. Қорытындылай келе, қыркүйек айының басында Алматы қаласында өткен шағын футбол турнирінде Қарағанды қаласының теміржолшыларының құрама командасы 1 орын алды. Сонымен қатар, спортшылар шағын футболдан облыстық турнирде чемпион атағын алу үшін қарсыластарымен тартысты күресті.

«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» Қарағанды облыстық филиалы салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен көмек көрсететіні белгілі. Төраға Яхия Әлмусиннің бастамасымен қысқы спартакиаданың барлық қатысушылары үшін бірдей форма сатып алынды, «Локомотив» балалар спорт командасына жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыс етілді.

«Біздің кәсіподақ мүшелері-спортшылар үшін 2023 жыл да жемісті және нәтижелі болады деп үміттенеміз. Біздің алдымызда спорт саласында жаңа жеңістер күтіп тұрғанына күмән жоқ», – деп есептейді «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» Қарағанды өңірлік филиалының спорт жөніндегі ұйымдастырушысы Тағат Айманбетов.