Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер (кандидат) ретінде тіркелген «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев мәслихат депутаттарының алдында өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б.Нарымбетов төрағалық етті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатығына кандидат ретінде үшінші мегаполистен Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы, Елшиева Альбина Балғабайқызы тіркелген. Кандидаттардың сенімді өкілдері Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы, Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы және Ерғазы Нұрлан Асқарұлы кандидаттардың өмірбаяндары туралы баяндады. Мәслихат депутаттары кандидаттарға өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауы ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні өтеді.