Ақтөбеде жергілікті кәсіподақ мүшелері дамылсыз жұмыс жасауда

Ақтөбе қаласындағы жылу беру жүйесінің жұмысына жауапты барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Сондай-ақ, тәулік бойы кезекшілік нығайтылды. Бұған соңғы күндері аяздың күшейе түскені себеп болып отыр. Синоптиктердің болжауынша, осы аптада да ауа райы қолайсыз болмақ.

Қазір Ақтөбе қаласындағы жылу камераларының біріндегі ақаудың салдарынан қойылған уақытша шектеу де алынды. Айта кету керек, қаңтардың 8-і күні, яғни сенбіден жексенбіге қараған түні сағат 00.00 шамасында облыс орталығындағы Әбілқайыр хан даңғылы, 84-үйдің маңында орналасқан жылу камерасындағы ысырма клапандары істен шыққан болатын. Жөндеу жүргізу жұмыстары шұғыл қолға алынып, соған байланысты Әбілқайыр хан даңғылы, М.Оспанов, Т.Алдияров, Ғ.Жұбанова көшелеріндежалпы 20-ға жуық көпқабатты үйгежылу беру уақытша шектелген-ді. «Aqtobe su-energy group» АҚ жергілікті кәсіподақ мүшелері уақытпен санаспай жұмыс жасауда.

Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу лезде толық көлемде берілді.

Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарында қосалқы апаттық-қалпына келтіру жасақтарының дайындығы жоғары, олар төтенше жағдайларда қолданылатын механизмдермен және материалдармен қамтамасыз етілген.