Кәсіподақтың негізі – бастауыш ұйым

Алматы қаласы Алатау ауданы №184 ЖББМ кәсіподақ ұйымы ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді. 2022-2023 оқу жылында кәсіподақ құрамына 230 қызметкердің барлығы кірді, бұл жалпы штаттық қызметкерлердің 100% құрайды. Құрылған кәсіподақ мүшелерінің жедел есебін жүргізу үшін кәсіподақ ұйымы мүшелерінің тізімі жүргізіледі. 2022-2023 оқу жылына арналған кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспары құрылып, бекітілген.

Аталмыш кәсіподақ комитетінің қызметіндегі маңызды бағыт – мәдени жұмыс, өйткені жақсы демалыс тиімділікке және сергектікке ықпал етеді. Мектептегі кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, қатысуымен 2022 жылы әртүрлі мерекелер жоғары дәрежеде аталып өтілді.

Мәселен, елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын “Ұстаздар күні” мерекесі мектепте өз деңгейінде өтті. 2022 жылы 5 қазан күні «Ұлтымыздың ұлы қолбасшысы – мұғалім» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізе отырып, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.

Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән-сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлер шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді. Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді.

Ал, 26 қарашада қалалық “Өнерлі өрге жүзеді” атты ” Ұстаз” кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен конкурста хор номинациясы бойынша 184 ЖББМ ұстаздарынан құрылған “Шабыт” хоры Бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты.

Жаңа жыл мерекесіне орай жаңа жылдық кештер ұйымдастырылды. Жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымына жаңа жылдық сыйлықтар берілді. Жаңа жылдық мерекелерде кәсіподақ мүшелерінің 6 мен 12 жас аралығындағы балаларына орталық Циркке жаңа жылдық қойылымға аудандық кәсіподақтар комитетінің атынан билеттер және сыйлықтар берілді.

2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің стратегиясында: «Кәсіподақтың ең жоғарғы құндылығы – кәсіподақ мүшесі» – делінген. Сондықтан да Алматы қаласы Алатау ауданы №184 ЖББМ кәсіподақ ұйымы бірлікте, татулықта еңбек азаматының құқығы мен мүддесін қорғауда сүбелі еңбек етіп келеді.