«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығының қызметіне Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғыны А. есімді азамат Заң аясында құқықтық көмек көрсетуді сұранып жүгінді. Азаматтың айтуынша, ол әскери жұмыс атқарып зейнетке шыққан. Осы ретте шағым беруші, зейнет жасына шығуына байланысты жұмыс беруші әскери бөлім ММ-сі тарапынан міндетті мемлекеттік төлемдердің осы уақытқа дейін аударылмағандығын айтып өз уәжін білдірді.
Орын алған жағдайға байланысты істің мән-жайы тыңдалып, нәтижесінде татуласу орталығының қызметкерлерімен әскери бөлім ММ-мен екі тараптың арасында медиация жасау ұсынылды. Дегенмен, мәселе соттың қарауымен оң шешімін табатыны анықталып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Заң клиникасының заңгерлері арызданушы азаматты аталған мәселе бойынша жергілікті сотқа өтініш білдіруге шақырды.