Салалық кәсіподақ мүшелері «UMAI» ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды

Өткен жыл соңында Астанада UMAI өнер саласындағы тұңғыш Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткен болатын. 5 айға созылған конкурсқа қатысу үшін 400-ден астам өтінім түскен.

UMAI тұңғыш Ұлттық сыйлықтың иегері атанған “Алақай” облыстық қуыршақ театрының директоры  Әсия Құрманалина «Спектакльдің үздік көркемдік безендірілуі» номинациясы бойынша “Бірігей қойылым үшін” ынталандыру жүлдесіне ие болды.


Аталмыш номинацияға театр репертуарынан режиссер А.Зайцевтің, суретшісі А.Құрманалина “Ит/Собака” қойылымы ұсынылған болатын.

Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония ұжымы «Хореография өнері» номинациясы бойынша, «Аққу» би ансамблі «Үздік би ұжымы» атанды. Сыйлыққа «Ене тәрбиесі» биі ұсынылған болатын. Көркемдік жетекшісі – Омар Мамбетов пен Гүлнара Мамбетова.