Татуластыру орталығында кезекті қабылдау жүргізілді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығы мен Заң клиникасының қызметіне Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны Б. есімді азамат Заң аясында құқықтық көмек көрсетуді сұранып жүгінді. Азаматтың айтуынша, “Еуразиялық банк” АҚ-на кредиттік қарыз берешегін уақтылы төлей алмауына байланысты аталған банк сотқа талап арыз жазатындығын ескертіп жатқандығын айтып өз уәжін білдірді.

Орын алған жағдайға байланысты істің мән-жайы тыңдалып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасының бас маманы, заңгер Ерлан Жандарбеков шағым білдіруші азаматқа өндіріп алушы банк тарапынан проблемалық несиені мәжбүрлеп өндірудің заңды жолдарын түсіндіріп, азаматқа құқықтық кеңес берді.

Сондай-ақ, Татуласу орталығының қызметкерімен шағым білдірушіге “Еуразиялық банк” АҚ-ның арасында медиация жасау ұсынылды.