Үшінші мегаполисте тағы бір игілікті іс көпшіліктің көңіліне жылы сезім ұялатты. «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен Шым қаланың кәсіпкерлік нысандары, мекемелері және барша қайырымды жандар күннің қақаған аязында қаланы қалың қардан аршып, тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шәй мен тамақ таратып қолдау көрсетіп жатыр. Осылайша, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымымен басталған «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджі жалғасып, ұстаным барша қала тұрғындарының негізгі ұранына айналғандай.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымымен басталған “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” челленджі өз жалғасын табуда.
Шымкент қаласында ауа райының күрт суып, күннің қақаған аязында қаланы қалың қардан ашып, тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ыстық шәй мен тамақ таратылды.
Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджін жалғастыруда.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен қайырымды істер жалғасын тауып, тазалық жұмыстарымен айналысып жүрген барлық қызметкерлерге азық-түлік пакетін таратуда.
Қайырымдылық істерге тазалық жұмыстарымен айналысып жүрген барлық қызметкерлер алғысын білдіруде.