Жыл сайын қатары толығып жатқан жас толқын – жезқазғандық ұстаздардың жан-жақты дамуына, қоғам өміріне белсене араласуына жол ашып, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікір жеткізе білуге баулуды, сондай-ақ ақпаратты талдай білу қабілетін арттыруды мақсат еткен дебаттық турнир биыл да жалғасын тапты.
№24 ЖББОМ базасында бас қосқан қалалық мектеп лигасының көшбасшылары өзекті тақырыптарды ортаға салып, талқылады. Американдық-парламенттік форматта өрбіген дебат турниріне ойы ұшқыр 16 мұғалім қатысты.
Пікірін ашық айтып, ұстанымына беріктік танытқан сөз мергендері жүлделі орындарлы келесідей бөлісті: қазақ лигасында Бас жүлде – «Жасын» фракциясы, №10 ЖББМ, І орын – «ҚазГим» фракциясы, №8 гимназия, ІІ орын – «АқОрда» фракциясы, Қабден Шыңғысов ат. №5 ЖББМ, ІІІ орын – «Ақиқат» фракциясы, №11 ЖББМ, ІІІ орын – «Ақиқат» фракциясы, Кеңгір с.№2 ЖББМ. Орыс лигасы бойынша І орын –«Космополиты» фракциясы, №3 ЖББМ; ІІ орын – «Алмада» фракциясы, №4 ЖББМ және 133 НОМ (құрама команда) қалалық турнирдің жеңімпаздары атанды.
Сонымен қатар, «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Үздік сарапшы», «Үздік креатив», номинациялары бойынша турнирдің үздік қатысушылары мадақтамалармен, сертификаттармен және Жезқазған қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.