Кәсіподақ қарағандылық жас теміржолшыларды марапаттады

Қазақстандық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалына (төраға – Яхия Әлмусин) кіретін Қарағанды Тың темір жол бөлімшесінің Тарих мұражайында «Жас теміржол» үйірмесінің курсанттарымен кездесу өтті.

Марапаттау рәсімі оқыту бойынша нұсқаушы Игорь Колузаевтың қолдауымен және демеуші «Цезарь» Бизнес-орталығының басшысы Валерия Агабабованың қолдауымен өтті. Тамаша оқуы, өз міндеттеріне адалдығы, теміржолшы мамандығының негіздерін қызығушылықпен зерделеуі және балалар теміржолында жазғы практикадан өту кезіндегі үлгілі іс-әрекеттері үшін курсанттар Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Экскурсия барысында курсанттар теміржол көлігіндегі экспонаттармен, құралдармен және аспаптармен танысып, туған өлкесінің тарихын зерттеді.

Мұражайдың менеджері Татьяна Колузаеваның айтуынша, экскурсия барысында кейбір балалар өздерінің туыстары мен ардагер теміржолшыларды фотосуреттерден таныған. Мысалы, курсант Сергей Селивановтың туған ағасы Константин де бұрын «Жас теміржолшылар» үйірмесінде оқыған, ал қазір осы маңызды мамандықта жұмыс істейді. Бұл оқиға мұражайда экспонат ретінде мұқият сақталатын фотоальбомда көрсетілген.

Өз кезегінде болашақ теміржолшылар тәлімгерлер мен кәсіподақ жетекшілеріне жазбаша түрде алғыс білдірді.

«Сіздерге шығармашылық сабақтарыңыз үшін, балалар теміржолында бөліскен тәжірибелеріңіз үшін рақмет. Бізге, жас курсанттарға бәрі өте ұнады және біз Жас теміржолшылар үйірмесіне қуана барамыз. Сіздерге осы қызықты және позитивті оқытудың одан әрі дамуын тілейміз», – деп атап өтті олар.


Қыс мезгілінде үйірме жұмысы Қарағанды-Сұрыптау станциясының Теміржолшылар мәдениет сарайы базасында кәсіби түрде жүзеге асырылады.