Кәсіподақ өкілі “Отбасы құңдылықтары” тақырыбына арналған жиынға қатысты

Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Гүлайым Әбдірахманова Көкшетау қаласында өткен «Отбасы құңдылықтары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» жетекшілігімен ұйымдастырылған.

Отырыстың басты мақсаты – отбасы құңдылықтары туралы жас ұрпаққа, жаңа семья құрған жастарға нақты да толық мағлұмат беру.

Отырысқа Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімнің басшысы, «Ақмола облысының Әкелер кеңесі» ҚБ төрағасы, Ақмола облысының Аналар кеңесі» ҚБ төрағасы, Ақмола облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Көкшетау қаласының қоғамдық Кеңес төрағасы қатысты.

Дөнгелек үстелге қатысушылар отбасы құндылықтар туралы ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша бірқатар іс-шаралар жоспары құрылатын, бала-бақшаларда, мектептерде, кәсіпорындарда сондай-ақ ата-аналармен кездесу өткізілетің болды.