Павлодарда «Еңбек консультациялары» акциясы белсенді жүруде

ҚР Үкіметінің өкілдері, республикалық кәсіподақтар бірлестіктері, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері қол қойған әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту жөніндегі жол картасында кәсіпорын басшылығының еңбек ұжымымен және кәсіподақпен бетпе-бет кездесулері нысанында «Еңбек консультациялары» акциясын ұйымдастыру көзделген.

Акцияны өткізу шұғыл ақпарат алмасуға, еңбек қатынастарының сапасын жақсарту, жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер, кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы коммуникациялар құруға, сондай-ақ ықтимал еңбек жанжалдарының алдын алуға қызмет етуге арналған. Акцияның айрықша ерекшелігі – оңтайлы шешімдерді бірлесіп іздеу.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының ақпараты бойынша 2022 жылы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен және медициналық мекемелердің басшылығымен бірлесіп еңбек ұжымдарында 8 «Еңбек консультациясы» акциясы өткізілді.


Осындай кездесулердің бірі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанованың қатысуымен өтті.

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі облыстық үшжақты комиссия құрамындағы, келісу комиссияларының мүшелерін және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды оқыту, салалық кәсіподақтардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылдың және ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамыту жөніндегі жұмыс бағыттары туралы айтып берді.

Кездесуде бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар филиалының мүшелері халыққа медициналық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін психологтардың мәртебесін анықтау, психоэмоционалды жүктеме үшін қосымша ақы енгізу туралы сұрақтар қойды.

Көтерілген ұсыныстардың заңнамалық деңгейінде рұқсат «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар филиалының бақылауына алынды.