Павлодар қаласындағы «Qasipodaq uiy» ғимаратында Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесі облыс аумағында құрылған салалық кәсіптік одақтар құрылымдарының іс-қимылдарын келісу үшін әрекет ететін кеңесші орган болып табылады.
Кеңейтілген отырысқа салалық, жергілікті, ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары қатысты. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова «Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» сөз сөйледі. ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова «Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2022 жылғы құқық қорғау қызметінің қорытындыларын» баяндады.
«Аумақтық бірлестік өз жұмысын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте!» стратегиясы негізінде құруда, онда ең маңызды құндылық Еңбек адамы, ал жұмыстың мақсаты лайықты еңбек, лайықты өмір және әлеуметтік әділеттілік үшін таңдалған бағытты жалғастыру болып табылады. 2022 жылы әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту, халықтың табысын арттыру, қауіпсіз жұмыс орындарын құру басты бағдарларға айналды. Есепті кезеңде ҚРКФ басшылығының қатысуымен «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 6 кездесу өтті», – деді кәсіподақ төрағасы.
«ҚРКФ Заң клиникасын құру туралы» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысын орындау мақсатында Заң клиникасының филиалы Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан жұмыс істеді. Заң клиникасының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарының кәсіподақ мүшелеріне Еңбек, әлеуметтік және кәсіподақ заңнамасы мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын бұзу саласындағы әкімшілік және қылмыстық заңнама бойынша тегін заңгерлік консультациялық қызметтер көрсету. Кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен өтініштерді қабылдау облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының, салалық, жергілікті кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағаларының, белгілі медиаторлар мен заңгерлердің, аудандық (қалалық) соттар судьяларының, салалық кәсіподақтар филиалдары заңгерлерінің қатысуымен тәулік бойы жұмыс істейтін коллорталық арқылы ұйымдастырылады. Өтініш білдірген кәсіподақ мүшесі тегін заң кеңесін алып қана қоймай, келісім комиссиясына немесе сотқа өтінішті ресімдеу бойынша құқықтық көмек алуға құқылы. 2022 жылы барлығы 600-ге жуық өтініш берушіге кеңес берілді. Туындаған еңбек даулары бойынша сотқа дейін және сотта Павлодар қалалық сотының және облыстық соттың жолдамасы бойынша 96 жағдайда медиация туралы келісім жасалып, 70 жағдайда жүгінген 140 тарапқа қатысты татуласу келіссөздері жүргізілді», – деп атап өтті М.Иванова.
Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2022 жылғы жұмысын оң бағалай отырып, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақ бірлестігінің үйлестіру кеңесінің мүшелері 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстарды қолдады.
Отырыс барысында «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Науразбаева, «Павлодар облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев жұмыс тәжірибесімен бөлісті.