Жетісу облыстық кәсіподақтар орталығының «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесінің төрағасы Б.Жақсыкелдинов, Жетісу облысы жайдарман филиалының директоры М.Жұмабаев, “Taldykorgan jastary” жетекшісі А.Балтабеков бірлесе отырып, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты жастарды әлеуметтік-еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік даярлау саласындағы құқықтары туралы хабардар ету, жайдарман ойындары жайлы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қала көлемінде атқаратын жұмыстарымен таныстыра отырып, бірлесе жұмыс атқаруға жастарды шақырды.
Сонымен қатар, «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесінің төрағасы Кәсіподақтар федерациясының YouTube каналы және «Заң клиникасының» жұмыстарына тоқталды. «Заң клиниасында» әр аптаның сейсенбі күндері қабылдау өтетінін хабардар етті.