Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев Жалағаш ауданында орналасқан «Өркен Әлем» серіктестігіне барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының әлеуметтік-еңбек жағдайымен танысты.
Әскери киім өндіруші кәсіпорында өткен жылы кәсіподақ ұйымы құрылып, «Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы құрамына біріккен.
«Өркен Әлем» кәсіпорыны Қазақстан бойынша арнайы әскери киім шығаратын 3 цехтің бірі, дегенмен ол еліміз бойынша салаға қажетті киімдердің барлық түрін өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Серіктестік броньді кеудеше, каскадан бөлек қатты соққыға, жарықшаққа және оққа қарсы шлемнің бірнеше түрін шығарады.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы кездесу барысында кәсіпорын басшысымен кәсіпорынның өнім өндірісі, алдағы жоспарлары туралы сұқбаттасып, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайлары туралы пікір алмасты.