“SENIM” кәсіподағының құрамы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

Жыл басында Қызылорда облысы “SENIM” кәсіподағы құрамы жаңа бастауыш ұйыммен толықты. Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы құрамына Қызылорда қалалық Санитариялық-Эпидемиологиялық бақылау департаменті жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы кірді. Бастауыш ұйымы филиал құрамына жұмыскерлер жиналысының Хаттамалық шешімі негізіндегі өтініш арқылы қабылданды. Сонымен қатар, жаңа мүшелік бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ ұйымы төрағасы мен кәсіподақ комитеті құрамы сайланды.

Бастауыш ұйыммен кездесу барысында филиал төрағасы Асылхан Аблайханұлы кәсіподақтың алға қойған мақсаттары мен жұмыскерлердің құқықтық қорғалуы, жұмыстың әлеуметтік бағыттары турасында түсіндірме жасады.