Кәсіподақ бастауыш ұйым мүшелерінің денсаулықтарын нығайтуға атсалысуда

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында «Ақ-су Демі» шипажайы басшылығы жергілікті кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын санаториялық-курорттық жағдайда емдеу-сауықтыру жүргізу мүмкіндіктерімен таныстырды.


Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қаласы салалық кәсіподақ филиалдары және жергілікті кәсіподақ басшылары, «Ақ-су Демі» шипажайы басшылығы мен кәсіподақ активі қатысты.

Жиында АКБ төрағасы Бауыржан Әлтеев кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын сауықтыру қолжетімді әрі сапалы болғанына назар аудару керектігін айтып, оңалту қызмет түрлері халықаралық стандарттарға сай болу керектігін алға тартты.

Өз кезегінде сөз алған «Ақ-су Демі» шипажайының бас дәрігері Еркін Баймұратов демалыс орнының медициналық қызметі мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Ақ-су Демі» шипажайының басты ерекшелігі – емдік шаралары кезінде минералды суы қолданылады. Минералды жер асты сулары сауықтыру процедуралары үшін ерекше құнды болып табылады. Мұның адам ағзасына тигізер пайдасы көп. Жалпы, демалыс орнында барлық жағдай жасалған. Шипажайда емделетін аурулардың қатарында тірек-қимыл аппараты, буын, омыртқа, сүйек, бұлшық ет және шеткі жүйке жүйесінің аурулары, радикулит, неврит, сондай-ақ асқазан-ішек аурулары, тыныс алу жолдарының аурулары, қант диабеті сияқты ауруларды аталды. Біз шипажайда емделуді жағымды демалыспен толықтыруға тырысамыз. Сонымен қатар, шипажайда физиотерапия, фитотерапия, емдік массаж, су асты душ-массаж, Шарко душ, айналмалы душ, вакуумдық массаж және т.б. қызметтері бар», – деді Еркін Баймұратов.

Жиында шипажайдың емдеу процедураларымен танысқан қатысушылар кәсіподақ мүшелерінің санаториялық-курорттық емделуіне ұсынылатын қызмет түрлері және жалпы шипажай жайлы толық ақпарат алу үшін алдағы күндері сауықтыру орталығына барып, демалыс орнының жұмысымен танысып қайту жоспарланды.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Ақ-су Демі» шипажайының қызметкерлері кәсіподақ қатырына қосылмақ.