Кәсіподақ төрағасы бастауыш ұйымның мүшелерімен еңбек заңнамасын талқылады

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Ақсу филиалының жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасымен және мүшелерімен кездесті.


Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, газдан құтқарушы Р.Айтқазин «Қазкөміркәсіп» көмір өндірушілердің салалық кәсіподағының құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы айтып берді.

Кәсіподақ мүшелері еңбек заңнамасы, еңбекақы төлеу, материалдық ынталандыру шаралары және жалақыға үстемеақылар, еңбек сіңірген жылдары бойынша жұмыс өтілін айқындау, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі және келісім комиссиясының жұмысы, тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі туралы мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова татуластыру орталығының және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы ҚРКФ Заң клиникасы филиалының жұмысы туралы айтып берді, онда кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек пен медиатордың қызметтері тегін көрсетіледі. Ол еңбек дауларын соттан тыс шешу үшін татуластыру рәсімдерінің мәселелерін егжей-тегжейлі баяндады.

Ақпарат алмасу қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері еңбек заңнамасы мен кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері бойынша консультациялар алды.