“Ұстаз” кәсіподағы 2022 жылды қорытындылады

Алматы қалалық “Ұстаз” кәсіподағының Бостандық аудандық филиалы 69 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді, онда жұмыс істейтіндердің жалпы санының 96%-ын кәсіподақ мүшелері құрайды.

2022 жыл ішінде Бостандық филиалы жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар маңызды іс-шараларды өткізді. Атап айтқанда, 2022 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы “Ұстаз” жергілікті кәсіподақ төрағасы Серікжан Кадралиннің бастамасымен алғашқы жастар форумы өткізілді, онда аталмыш ауданнан 2 жас басшы мен 6 жас кәсіподақ көшбасшысы қатысты. Жастар форумын өткізу нәтижелері бойынша 2022 жылғы сәуірде Алматы қалалық “Ұстаз” жергілікті кәсіподақ жанындағы жастар кеңесі құрылды, “Ұстаз” АҚЖК Бостандық филиалының өкілдері кәсіподақ комитеттерінің жас төрағалары сайланды.

Әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік әріптестіктің негізгі құралы еңбек жағдайлары, демалысты ұйымдастыру, кепілдіктер беру мәселелерін реттейтін Ұжымдық шарт болып табылады, осыған байланысты 2022 жылғы қаңтарда Бостандық ауданының барлық білім беру ұйымдарында “Ұжымдық шарт жаса” акциясы өткізілді. Акция қорытындысы бойынша филиалдың бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық шарттар жасалды, олар Алматы қаласының Әл-ауқат басқармасында тіркелді.

Жылдық жоспарға сәйкес, 2022 жылдың наурыз-мамыр айларында Бостандық филиалы білім беру ұйымдарында кәсіподақ мүшелерімен кездесулер өткізді, онда кәсіподақ қызметінің жұмысы бойынша егжей-тегжейлі есеп беріліп және қойылған сұрақтарға сындарлы жауаптар алынды. Барлығы 37 кездесу өтті, оның ішінде 4 кездесу Алматы қалалық “Ұстаз” жергілікті кәсіподағымен бірлесіп және Алматы қаласы Аумақтық кәсіподақ бірлестігінің қатысуымен өткізілді.

Сонымен қатар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытулар өткізілді. Бостандық ауданының барлық білім беру ұйымдарында келісім комиссиялары құрылып, кестеге сәйкес оқыту семиналарынан өтіп, тиісінше сертификаттар берілді.

“Әлеуметтік әріптестік жылы” аясында “Ұстаз” жергілікті кәсіподағының Бостандық филиалы ҚРКФ, ҚР Білім және ғылым кәсіподақ қызметкерлерімен, Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы, аудандық білім беру бөлімшесімен және білім беру ұйымдарының басшыларымен бірлескен жұмыстар жүргізді.

Кәсіподақ мүшелері «Ұжымдық еңбек даулары: пайда болу себептері, реттеу тәртібі», «ҚР Еңбек кодексі және кадрлық құжат айналымы» сынды бірқатар оқыту семинарларына да белсенді қатысты.

Жыл сайын “Ұстаз” кәсіподағының аудандық филиалы кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін бұзу жөніндегі ауызша және жазбаша өтініштерді талдай отырып, сондай-ақ түрлі нормативтік және құқықтық құжаттарды түсіндіру мақсатында құқықтық жұмыстар жүргізеді. №125 ЖББМ-де “Салалық келісім, ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу жүйесіндегі ұжымдық шарттар” тақырыбында, №21 мектеп-гимназиясында кәсіподақ комитеттерінің төрағалары үшін “Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңестер мен техникалық инспекцияның қызметі”, №7 интернатта және №140 балабақшада “Білім беру мекемелерінде өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу”, №9 интернаттың, №80 және №85 бөбекжайлардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін “Қауіпсіз еңбек – әр адамның сапалы толыққанды өмірінің негізі” тақырыбында семинарлар өткізді.

«Балалар жылы» аясында қалалық сурет байқауы, “Қызыл алма” мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы шығармашылық фестивалі, балалар күніне орай « Алматы Балаfest» сынды фестивальдердің ұйымдастырылуына қатысып, сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің балалары жарыстарда бағын сынап, әртүрлі сыйлықтарға ие болды. Филиал жыл сайын республикалық “Мектепке жол” акциясына да белсене қатысады. 2022 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 40 балаға арналған кеңсе тауарлары, портфельдер тапсырылды. Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға аудандық филиалдың ақшалай қаражаты есебінен “Юный Домостроитель” сауықтыру лагеріне 30 жолдама сатып алынды.


Сондай-ақ, жыл сайын кәсіподақ мүшелеріне сауықтыру, демалу мақсатында «Иссык-Куль», «Алакөл», «Манкент» сынды демалыс орындарына жолдамалар беріледі.