Ақ халатты абзал жан Құрмет грамотасымен марапатталды

Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының невропатолог дәрігері, кәсіподақ ұйымының мүшесі Джардемалиева Жанна Жүсіпбекқызының 60 жас мерейлі жасқа толуына орай «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Дәрігер мамандығы – мамандық атаулы ішіндегі ең қасиеттісі әрі абыройлысы. Дәрігер мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық.

Дәрігер – адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны екен. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Жанна Жүсіпбекқызы аса үлкен жауапкершілікпен медицина саласында сан жылдар бойы қызмет етіп келеді. 30 жылдан аса Казталов аудандық ауруханада невропатолог дәрігер болып қызмет атқарған ол бүгіні таңда Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында невропатолог психиатр болып жұмыс жасауда.

Медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік тұлға. Жалпы, медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деген сөз іспетті.