Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының өкілдері бірнеше білім ошақтарында болып, кәсіподақ мүшелерімен және мектеп әкімішілігінің басшылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында филиал төрағасы Батыр Әлиев кәсіподақтың атқарған жұмыстары, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау, ұжымдық шарт нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, Батыр Әлиев Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімді таныстырды.
Келісім Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғайды және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен салыстырғанда қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктерді белгілейді.
Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының өкілдерінің кәсіподақ мүшелерімен кездесулері жалғасын табады.