Еңбек дауларын шешу мәселесі кәсіподақ алаңында қаралды

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған «Еңбек дауларын соттан тыс және сотта реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстелге кәсіпорындардың, салалық, жергілікті бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының келісім комиссияларының төрағалары қатысты. Сондай-ақ, Павлодар қалалық соты судьялары да қатысты.


Павлодар қалалық сотының судьялары Вероника Шевченко, Ажар Баймұхамбетова, Әлия Асанова спикерлер болды.

«Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Павлодар облыстық соты арасындағы келісу комиссияларының мүшелерін оқыту, еңбек дауларын қараудың сот практикасымен танысу, кәсіпорындардың келісу комиссияларымен бірлескен көшпелі кездесулер, еңбек дауларын соттан тыс шешу үшін татуластыру рәсімдерін дамыту, кәсіпорындарда еңбек дауларының туындауының алдын алу бойынша дөңгелек үстелдер өткізу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен қызмет еңбек дауларының санын азайтуға мүмкіндік береді», – деді Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайым Д.Айтжанова.

«Сот статистикасына сәйкес Павлодар қалалық сотына түскен еңбек дауларының саны азайып келеді. Егер 2020 жылы 246 талап, 2021 жылы 233 талап келіп түссе, 2022 жылы 178 талап келіп түсті», – деп атап өтті судья В.Шевченко.

Судьялар дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері туралы жеткізді, еңбек дауларын қараудың сот практикасының мысалдарын келтірді.

Татуластыру орталығының басшысы М.Иванова дөңгелек үстелге қатысушыларға Медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде жеке еңбек дауларын қарау бойынша өтініш беру мерзімінің тоқтатыла тұруы туралы еске салды, бұл еңбек дауына қатысушыларды кәсіподақтардың татуластыру орталығына жүгінуге итермелейді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еңбек заңнамасын іс жүзінде қолдану сұрақтарына жауап алды.