Еңбек дауының алдын алу үшін еңбек консультациялары өткізілді

Көлік кәсіпорны қызметкерінің еңбек заңнамасын қолдану жөніндегі өтінішін қарау өтініш берушінің, жұмыс берушінің өкілдерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасының, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанованың, татуластыру орталығының басшысы М.Иванованың қатысуымен «Еңбек консультациялары» акциясы форматында өтті.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің шақыруы бойынша жұмыскердің өтінішін қарауға жұмыс берушінің өкілдері қатысты: экономика және қаржы жөніндегі филиал директорының орынбасары Д.Қанатбаева, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Г.Слямова, заң бөлімінің бастығы Л.Полюдова және кәсіподақтан кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Махметова.

Zoom конференция режимінде өтініш берушіге жұмыс берушінің өкілдеріне жеке сұрақтар қоюға, түсініктемелер мен құқықтық кеңестер алуға мүмкіндік берілді.

Жұмыс берушінің өкілдері еңбек заңнамасын қолдану бойынша туындаған мәселені жедел шешу мақсатында келіп түскен өтініштің мәні бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстардың толық пакетін ұсынды.


Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алаңында өткен «Еңбек консультациялары» акциясы еңбек дауының туындауының алдын алуға ықпал етеді.